Қыстың он күні өтсе де, Шымкентте қысқа тән көрініс байқалмайды
Шымкентте әдеттегі қыс салқындығы байқалмайды, қалада әлі күн жылы. Күндіз көшеде серуендеген адамдар қысқа тән суықты сезбей жүр. Ернұр, қыс кезіндегі жылы ауа райы қала тұрғындарына қалай әсер етіп жатыр?
Ернұр Уәлихан, тілші:
Иә, қыстағы жылы ауа райы Шымкент үшін таңсық емес — бұл өңірде жыл сайын қайталанатын құбылыс. Дегенмен, кейбір тұрғындар жаңа жылды қарсыз қарсы аламыз ба, - деп уайымдауда. Қыстың он күні өтсе де, қалада қысқа тән көрініс байқалмайды — ауа райы әлі жылы күйінде тұр. Күзде сирек жауған жаңбырды тұрғындар енді қыста көріп жатыр. Бүгін күндіз +6 градусқа дейін жылынса, кешкісін ауа температурасы нөлге дейін төмендеді. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері де оң температура сақталады: түнде +1…+3 градус, күндіз +8…+11 градусқа дейін жылынады. Кей уақытта жаңбыр жауып, туман түседі. Ал Түркістан облысының таулы аймақтарында кеше қалың қар түсті. Бүгін қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтіледі. Соған қарамастан, барлық бағыттағы автожолдар ашық, қозғалыс шектелмеген.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16