Депутаттар ұялы байланыс операторларының жұмысын тексеруді талап етті
Елдегі ұялы байланыс операторларының жұмысын тексеру керек. Өйткені олардың тариф бағасын бір уақытта және бір көлемде көтергені арада монополия бар деген күмән тудырады. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке осылай деп депутаттық сауал жолдады. Оның пікірінше, байланыс операторлары бағаны 20 пайызға өсіретінін өзара келісіп алғаннан кейін хабарлап отыр. «Заңсыз әрекеттерге жол бермей, тұтынушылардың құқығын қорғаймыз десек, кешенді тексеріс өткізу керек. Нарыққа жаңа байланыс операторларын шақырып, бәсекені күшейтуге ден қойған жөн» деді депутат.
Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Таяуда Қазақстанның байланыс операторлары алтел, теле 2 және билайн ұялы телефонның абонентін 20 пайызға өсіретінін мәлімдеді. Бұл компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе? «Байтал түгіл бас қайғы» демекші осындай қадамдардан кейін «Қолжетімді интернет» жобасын ойлаудың өзі мұң болып қалды. Әдетте бәсекелі нарықта әр оператор өз стратегиясын бөлек-бөлек жасайды. Бірі бағаны төмендетеді, бірі акция ұйымдастырады, енді бірі қосымша қызметтер ұсынады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17