Астанада ертең де аяз болады
Қалың қар жауып Алматылықтар біраз әбігерге түсіп жатқанын байқадық. Ал Астаналықтар кешелі-бері қытымыр қысты сезініп жатыр. Бір күнде қар түсіп, артынша аяз күшейді. Бүгін оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқыды. Бас қаладағы ауа райын Айжан Иманғали жеткізеді.
Айжан Иманғали, тілші:
Қазір қолымдағы телефонда ауа температурасы -20 градусты көрсетіп тұр. Дегенмен кешегіге қарағанда жел жоқ, содан болар жылырақ. Синоптиктердің болжамынша, ертең де күн суық болады. Одан кейін ауа температурасы тұрақталады. Бірақ аяз келесі аптаның соңында қайтып оралуы мүмкін деп болжайды. Мамандар ауа температурасы әсіре түнге қарай түсетінін айтады. Бүгін бірінші ауысымдағы оқушылар таңертең мектепке бармай, сабақты онлайн оқыды. Түнде ауа температурасы минус 24, ал күндіз 10–12 градус деп болжап отыр. Дегенмен қазір далада ұзақ тұру қиын. Бір орында тұрған адам тез тоңады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
19.08.2026, 10:27
Ауылға 400-ге жуық отбасы қоныс аударған
19.08.2026, 10:10
Құлсарыда тұрғын үйлер жөнделді
19.08.2026, 10:08
Боливияда қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды
19.08.2026, 10:06
Шымкенттке 1200-ге жуық ата-ана балаларының беймезгіл жүрісі үшін жауапқа тартылды
19.08.2026, 10:05
Израиль әскері Сирияның Идлиб провинциясына шабуыл жасады
19.08.2026, 10:05
Құрылтай сайлауы – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам
19.08.2026, 10:03
6 мың тәуелсіз байқаушы дайындықтан өтті
19.08.2026, 10:02