Ұлытау облысында «Таза қала» экологиялық сабақтары өтті
Ұлытау облысы Қаражал қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде бір мезетте «Таза қала» тақырыбында экологиялық сабақтар өткізілді.
Шара «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды. Сабақта оқушыларға тұрмыстық мәдениет, қоқысты дұрыс сұрыптау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысы түсіндірілді. Сонымен қатар Жезқазған қаласында «Экология және жастар белсенділігі» атты кездесу өтті. Басқосуда жастар арасында экосана қалыптастыру мәселесі талқыланды. Екі шараның да мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру, дейді ұйымдастырушылар. Жыл басынан бері Ұлытау облысында 13 облыстық және 17 қалалық сенбілік өткізілді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25