Астанада «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтті
Астанада Халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының құрылтайы өтті. Онда былтырғы жұмыс қорытындыланып, жоспарлар
сараланады. Жиынға қатысқан Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан
Желдібай қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы маңызды жобаларды
атап өтті. Кейінгі үш жылда қоғам 60-тан аса
республикалық және халықаралық іс-шара өткізген. Биыл Disney және Pixar
студияларының фильмдерін қазақ тіліне аудару ісіне де ден қойылды. Әсіресе,
анимациялық туындылар қаралым жағынан рекорд орнатты. Бұдан бөлек, биыл
Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары кезінде «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI
компаниясы ChatGPT-дің қазақ тіліндегі қызмет сапасын жақсарту жөнінде
келісімге келген еді. Алдағы уақытта қоғам осындай халықаралық жобаларды
көбейтуге күш салмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы