Басты Жаңалықтар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданғанға 77 жыл

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданғанға 77 жыл

Бүгін әлем жұртшылығы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 77 жылдығын атап өтуде. Бұл – әрбір адамға берілген негізгі құқықтар мен бостандықтардың маңыздылығын еске салатын құжат. Осыған орай Астанада «Адам құқықтары және ПЕНИтенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар» атты халықаралық конференция өтті. Мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың стратегиялық және өзекті мәселелеріне назар аудару. Соңғы жылдары Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында ұлттық заңнаманы жаңғырту бойынша ауқымды қадамдар жасады. Бұл өзгерістер мемлекеттің халықаралық стандарттарға сай болуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Жарқынбек Бақашбаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасары:

Қылмыстық атқару жүйесінде, балалар үйінде, денсаулық бөлімінде, еңбек министрлігіне қарасты өздерінің құқықтарын қорғай алмайтын азаматтардың жағдайы туралы, олардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижелерін шығарамыз, алға қойған мақсаттарды айқындаймыз.


Бөлісу