Оралда «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» конференциясы өтті
Оралда Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Шараға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан сынды түркі тілдес бауырлас елдерден және Астана, Алматы қалаларынан келген белгілі ғалымдар қатысып, сөй сөйледі. Тарихи жадының философиялық, мәдени қырларын айқындау, ұлттық бірегейлік пен жаһанданудың ықпалын саралау хақында пікір алмасты. Тіл, әдебиет, тарих, түркітану, мәдениет салаларындағы сан түрлі зерттеулерін, тұжырымдарын ортаға салды. Тәуелсіздік жолында басын бәйгеге тіккен тарихи тұлғалардың терең зерттелген өмір жолы, еңбегі, шығармашылығы баяндалды.
Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры /Түркия/:
Атамекендегі қазақ бол, шетелдегі қазақ бол, қазақта бір ғана арман-мақсат болуы керек. Ол не? Ол – осы Тәуелсіздігімізді баянды ету, елімізді көркейту. Бұдан басқа мақсат-мұрат, ұлы арман қазақта болмауы керек. Тәуелсіздік, Мұстафа Шоқайдың айтуынша, ұлттық рухсыз болмайды. «Тәуелсіздіксіз ұлт рухы кемеліне толмайды» дейді. Сондықтан, міне, Тәуелсіздіктің арқасында осындай маңызды шарада бас қосып отырмыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17