Клиникалық зерттеулерге венчурлық хаб құру ұсынылды
Елімізде клиникалық зерттеулер жүргізу үшін венчурлық хаб моделін құру ұсынылды. Бұл фармацевтиканың дамуын ілгерлетеді, дейді халықаралық конференцияға қатысқан отандық сарапшылар мен шетелдік спикерлер. Бүгінде клиникалық зерттеулер саласы өзгеріп, жаңа бағыттар пайда болуда. Мәселен, әлемде онкология, иммунология және сирек кездесетін ауруларды емдеудегі зерттеулердің қарқыны өскен. Осы бағытта бұрын-соңды болмаған жасушалық және генетикалық технологиялар енгізіліп жатыр. Қазақстан да клиникалық зерттеулерді жүйелі жолға қоюдан ниетті.
Дос Сарбасов, ғылым докторы, профессор:
Қазақстанда клиникалық зерттеулер бұрыннан жүргізіледі, бірақ баяу. Бізде жануарларға осындай зерттеулер жасайтын орталықтар да бар. Егер инфрақұрылымды жаңартсақ, жаңа аналитикалық зертханалар құрылса, барлық фармакологиялық зерттеуді жылдам әрі заманға сай жүргізер едік. Венчурлық хаб осы мәселені реттейді деп ойлаймын.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00