Басты Жаңалықтар «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Олимпиакосқа» есе жіберді

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Олимпиакосқа» есе жіберді

«Қайрат» өз алаңында «Олимпиакосқа» есе жіберді. Астана Аренада өткен матч 0:1 есебімен аяқталды. Дегенмен елордада Чемпиондар лигасының әнұранын шырқау жанкүйерлерге ерекше қуаныш сыйлағаны анық. Сондай-ақ жас дарын Темірлан Анарбеков матчтың үздік ойыншысы атанды.

Тарихи сәт. Соңғы рет 2015 жылы Астана мен португалиялық «Бенфика» кездескенде елордада Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалған еді. Бұл жолы алматылық «Қайрат» жанкүйерлерге сол сезімді қайта сезінуге мүмкіндік берді.

Матч бастала сала қонақтар өз басымдығын көрсетті. Грек командасы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, көрерменді қобалжытты. Атақты «Реал Мадридке» үш гол салған құрама ойынды өз бақылауында ұстап тұрды. Бірақ алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші таймда жерлестеріміз қарқын алып, Громыко мен Жоржиньо шабуылды жандандырды. Алайда соңғы соққылар дәл болмады. Сары қағаздың көптігінен алаңға шыға алмаған Сәтпаевтың жоқтығы сезілді. 73-минутта Желсон Мартинш жақын бұрыштан саңылау тауып, ойын тағдырын шешті.

Рафаель Уразбахтин, «Қайрат» ФК бас бапкері:

Салыстырмалы түрде қарасақ, бір жақта — құрлықтық жарыстарда алғашқы қадамдарын жасап жатқан қазақ клубы. Екінші жақта — Еуропада талай шыңдарды бағындырған, Конференция лигасының 2023–2024 жылғы жеңімпазы, нарықта «Қайраттан» 8 есе қымбат Грекия алпауыты.

Көңілге медеу болғаны - 22 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков матчтың үздік ойыншысы атанды. Бұл — тарихта тұңғыш рет қазақ футболшысы иеленген марапат. Ол қақпаға тура бағытталған 7 допты керемет сәтімен қайтарды.

Әрине, тепкен доптың бәрін қақпаға қаға береді деп жас қақпашыға артық салмақ салуға болмайды. Өйткені футбол — командалық ойын. «Қайраттың» алда екі маңызды матчы қалды:

20 қаңтар — өз алаңында бельгиялық «Брюгге»

  • 29 қаңтар — Лондонда «Арсеналға» қарсы матч

Жанкүйерлер клубтан әлі талай жарқын ойын күтеді.


Бөлісу