Тұрғындар зейнетақы қорынан жылдағыдан 2 есе көп ақша алған
Зейнетақы қорындағы жинақты ипотекасын өтеу үшін жұмсайтындар күрт көбейді. Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, жыл басынан бері үй алуға, жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 450 млрд теңгеге өтінім жазылған. Бұл былтырғыдан 81 пайызға көп. Ал ем алу үшін тұрғындар биыл қордан қанша ақша алған? Жинақты тағы қайда жұмсауға болады? Жанел Нұрболатқызы тарқатсын.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Қазақстандықтар ем алу үшін зейнетақы қорындағы жинақтан ай сайын 30 миллиард теңге алады. Бұл орташа есеппен. Бұрын оның 90 пайызын тіс емдетуге сұратушы еді. Алайда күзде Қаржылық мониторинг агенттігі клиникалардың заңға қайшы әрекеттерін әшкереледі. Тұрғындардың тіс емдетеміз деп қордан 200 млрд теңге шешіп алғанын анықтады. Артынша көз емдетуге қатысты біраз былықтың беті ашылды. Осыдан кейін жинақты стоматологиялық қызметке де, офтальмология үшін де пайдалануға тыйым салынған еді. Ал бүгін аналитиктер тұрғындардың қордағы жинақты жаппай пластикалық ота жасауға жұмсай бастағанын мәлімдеді. Қарашада рекорд тіркелген. 2300-ге жуық өтінім қабылданып, 2 млрд теңге көлемінде төлем жасалған. Бұл қазан айымен салыстырғанда 39 есе көп. Аналитиктер бұл ақшаны заңсыз шешіп алудың кезекті схемасы деген болжам айтып отыр. Айта кетсек, қазір зейнетақы қорындағы қаржыны тек баспана алу не жөндеу үшін және ем-домға жұмсауға болады. Ипотека рәсімдеуге және баспананы жөндеуге жыл басынан бері 450 млрд теңгеге өтінім келген. Ем-домға да шамамен осынша сома. Жинақты шекті сомадан асқанда ғана шешіп алуға болады. Мысалы, 30 жастағы азаматтың шотында кемінде 4 миллион 580 мың теңге болуы керек, ал 35 жастағы азаматтың шотында 5 миллион 310 мың теңге, 40 жастағыларда шамамен 6 миллион теңге болса жеткілікті. Сосын «Отбасы банке» барып өтінім жазасыз. Немесе онлайн рәсімдеуге болады. Одан кейін Бірыңғай жинақтаушы қоры оны 5-10 күн аралығында қарайды. Өтінім қабылданса, қаржы шотқа 3 күн ішінде түседі. Айта кету керек, сарапшылар қорға қол сала беру зейнетақыны әлдеқайда азайтады дейді. Айталық, қазіргі зейнеткерлердің бәрі 1998 жылға дейін жұмыс істеген соң ынтымақты яғни салыстырмалы түрде көбірек зейнетақы алып отыр. Ал 20 жылдан кейін зейнетке шығатындарға ай сайын тек базалық зейнетақы түседі. Сондықтан қарттықтың қамын әзірден ойлап, қолдан келсе қорға тиіспеген дұрыс, - дейді мамандар.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Санаулы минуттан соң «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы басталады
09.12.2025, 20:16
Білімді әрі адал ұрпақ – ұлт болашағы
09.12.2025, 20:14
Маңғыстау облысында 18 инвестициялық жоба жүзеге асты
09.12.2025, 20:13
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті
09.12.2025, 20:07
Еліміздегі жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр
09.12.2025, 20:04
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
09.12.2025, 20:03
Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
09.12.2025, 20:02
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
09.12.2025, 20:01