Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Үкімет Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алдағы үш жылға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді.Тимур Сүлейменов Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және өткен 11 айдағы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп берді. Сондай-ақ келер жылға арналған жоспарын таныстырды. Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсіп, инвестициялық табыс 8 миллиард доллардан асқан. Сонымен бірге алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға ұлғайған. Ал зейнетақы активтерінің көлемі биыл екі жарым триллион теңгеге өсті. Бұдан бөлек Тимур Сүлейменов инфляцияны шамамен 5 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты. Президент Ұлттық банк төрағасына инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы