Англияда маймыл шешегінің жаңа түрі анықталды
Англияда маймыл шешегінің жаңа штамы анықталды. Ресми деректерге сәйкес, ол – түрлі штамдардың генетикалық қосындысы. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі бұл вирусты Азияға барған адам жұқтырып келгенін растады. Ауру негізінен науқас адаммен жақын байланыс кезінде немесе ауа тамшылары арқылы да жұғады, дейді мамандар. Белгілері тұмауға ұқсас. Ауру адам тез шаршап, қалтырайды. Кейін денеге бөртпелер шығады. Мамандардың пікірінше, көп адам маймыл шешегін жеңіл өткереді, бірақ ауыр жағдайлар да кездесіп жатады. Вакцина дерттің ауыр түрінен қорғайды.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41