БҚО-да 110 мыңдай киік ауланған
Батыс Қазақстан облысында 108 мың 500 бас киік ауланды. Қазір бөкен еті көршілес облыстарға да сатылып жатыр. Киік санын реттеуге 18 жұмыс бригадасы қатысты. 42 мың киікті аңшылар түнде атып алса, ал 66 мыңы кораль арқылы ауланды. Жануардың етін өткізумен 15 кәсіпорын айналысты. Солардың бірі «Кублей» зауыты 27 мың бас киік етін қабылдап, қайта өңдеу үшін тоңазытқышқа сақтап отыр. Ал қалған 14 кәсіпорын 81 мың бас бөкен етін осы өңірмен қоса, көршілес аймақтарға да сатып жатыр. Жергілікті билік киіктің мүйізінен тұяғына дейін өңдеп, дәрі-дәрмек, тағам, мал азығын шығаратын қытайлық инвестормен келісім жасасты. Келер жылы кәсіпкер Казталов ауданында жаңа кәсіпорын ашпақ.
Рүстем Зұлқашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
«Кублей» кәсіпорнының жоспарлары тек қана төшкелеп сату емес, олар болашақта киік етін өңдеп, әртүрлі консервілер шығару. Бұл кәсіпорын соған дайындалып жатыр. 2026 жылдан бастап өңдеуге кіріседі. Терісін де алып жатыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17