Астанада «Құндылық. Тұлға. Болашақ» атты педагогтар форумы өтуде
Адамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау. Бұл тақырып бүгін Астанада өтіп жатқан «Құндылық. Тұлға. Болашақ» атты халықаралық педагогикалық форумда кеңінен талқыланды. Ашық алаңға жиналған мың жарымға жуық ұстаз адамзаттық және ұлттық құндылықтарды пәнге кіріктірге отырып оқытудың маңыздылығын айшықтады. Педагог – сабақ беруші ғана емес, тұлға тәрбиелеушісі, болашаққа жол сілтеуші дейді жиналғандар. Спикерлер Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген. Форум екі күнге жалғасады. Шараға еліміздің әр өңірінен 10 мыңнан аса ұстаз онлайн қосылмақ.
Азимджон Муллоев, химия пәнінің мұғалімі /Тәжікстан/:
Мәселен, бізде математика пәнінің мұғалімі өзінің сабағын отанды сүю, ұлт тәрбиесі сияқты тақырыппен бастайды. Әр пән мұғалімдері осылайша 45 минуттың 7-10 минутын тәлім-тәрбиеге бөледі. Мұндай тәжірибені 2015 жылдан бері барлық мектепте қолданып келеміз.
Сындар Дәуешова, қалалық әдістеме орталығының басшысы:
Мұғалімнің әрбір күні ол тарих болып есептеледі. Соған байланысты әрбір мұғалім сабақ берген кезде қалай баланың қасиеттерін аша білу керек, қалай өмірге бағыттау керек және кейде бір қиындықтарға түскен кезде ол қиындықты ұстаз болып, қалай алып шығу керек екенін, сол бағыттарын көрсетеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07