Абай облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
Абай облысы, Бородулиха ауданында жаңадан өрт сөндіру бекеті ашылды. Нысан қарағайлы орманның дәл іргесінде орналасқан Дмитриевка және Боровое ауылдарына қызмет ететін болады. Бұрын оқыс оқиға болып, орман өрті тұтанса көмек облыс орталығынан келетін. Енді жедел әрекет етуге ыңғайлы болды. Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы жұмыс істейді. Қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жаңа техникасы бар. Нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында қолданысқа беріліп отыр. Облыста биыл осы сынды 9 жаңа өрт сөндіру бекеті ашылған. Алда 200 ге жуық бекет салу жоспарда.
Руслан Қайрақбаев, ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
Еліміздің барлық өңірлерінде, шалғай аудандарда өрт сөндіру бекеттері ашылып, оларды заманауи техникасымен жабдықтау жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда. Осы бекеттің ашылуы аймақтың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Енді құтқарушылар төтенше жағдайға тез арада төтеп бере алады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17