Қостанай мен Қарағанды облысында жол жабылды
Қостанай облысында қолайсыз ауа райына байланысты кеше 5 жол учаскесі жабылды. Әулиекөл – Жалдама бағытында көктайғақта жүре алмай, 16 көлік тұрып қалған. Қазір өңірдегі тілшіміз Мәдина Нағашыбай бізбен тікелей байланыста. Мәдина, қазір жағдай қалай?
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Әулиекөл – Жалдама бағыты қазір жабық. Көліктің бәрі кері қайтарылды. Сонымен қатар өңірде тағы облыстық 3 жол жабылды. Бейімбет Майлин аудынының Әйет ауылының маңында 4 жүк көлігі көктайғақтан өте алмай, біраз уақыт бөгеліп қалған. Жергілікті әкімдік тиісті көмек көрсетіп жатыр. Жол полициясы бақылауды күшейтті. Синоптиктер алдағы күндер аяз көтеріліп, боран болады деп ескертеді. Ауа температурасы – 25-28 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан мамандар жолда барынша абай болып, ара қашықтықты сақтауға кеңес береді.
- Қарағанды облысындағы жағдайды әріптесім Жандос Бақытұлы баяндасын. Жандос?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Иә, Мәдина! Арқаға қыс қарсыз келді. Таңда жауған ақ ұлпа түске дейін, түсте жауғаны кешке дейін еріп кетіп жатыр. Тұрғындар да мұндай ауа-райына көз үйрете алмай жатқанын айтуда. Еріген қар көлік қозғалысына да біршама кедергісін келтіруде. Бірнеше күн бойы республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды тас жолында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған. Бірақ қазір барлық бағытта қозғалыс ашық. Алайда сниоптиктердің болжауынша, ертең ауа температурасы -20 градусқа түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Қар да қалың түседі деп хабарланды. Сондықтан құтқарушылар көлік жүргізушілеріне барынша сақ болып, жол ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06