Басты Жаңалықтар АҚШ-тың Гавай аралдарында «Килауэа» жанартауы оянды

АҚШ-тың Гавай аралдарында «Килауэа» жанартауы оянды

АҚШ-тың Гавай аралдарында «Килауэа» жанартауы оянды. Отты тау күні бойы атқылаған. Вулканнан шыққан күл мен түтін 15–30 метр биіктікке көтерілді. Бұған қоса, жанартау атқылап жатқан кезде шағын дүмпулер сезілген.

Ұлттық саябақта орналасқан «Килауэа» — әлемдегі ең белсенді вулкандардың бірі. Ол 2024 жылдың желтоқсанынан бері үзіліспен атқылап тұрады.



Бөлісу