Астанада Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай әдеби кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай әдеби кеш өтті

18.02.2019

«Бір ел – бір кітап». Осылай аталатын дәстүрлі акция аясында оқу үшін биыл Әбділда Тәжібаевтың шығармалары таңдалып алынды. Белгілі ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы Әбділда Тәжібаевтың туғанына биыл - 110 жыл. Астанада осы мерейтойға арналған әдеби кеш өтті.

Онда ақынның өмір жолы сараланып, өлеңдері оқылды. Шараға белгілі ақындар, журналистер және Әбділда Тәжібаевтың қызы мен немерелері қатысты.

Зифа Әбділдақызы, Ә.Тәжібаевтың қызы:

- Мен әкемді осылай еске алып жатқанына өте қуаныштымын. Ол кісі бізді әдебиетке, өнерге жақын қылып тәрбиеледі. Барлық немерелері, жиендері осы шығармашылық жолында жүр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу