Қызылордада «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр

15.02.2019

Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған шараға қатысушылардың дені - өнерге енді қадам басқан өрендер. Бірақ жас болса да, айтары бар, салмақты сөзі бар ақындар.

Олар елдік пен өрлікті, теңдік пен тұрақтылықты келелі сөзбен кестеледі, қол жеткен жетістіктер, елдегі айшықты істер де жырға арқау болды. Сұлу сөзге сусаған халықтың шөлін қандырды.

Бексұлтан Орынбасаров, айтыскер ақын:

- Бірінші рет қатысып тұрмын үлкен айтысқа. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студентімін. Өзім дәстүрлі ән кафедрасында оқимын. Айтыс өте жақсы деңгейде өтті.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу