Футболдан ӘЧ жеребе тарту рәсімі өтеді
Бүгін келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Вашингтонда болатын спорттық шараны «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы сағат 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Ала доп бәсекесінде 48 елдің командасы бақ сынайды. Біріншілік жаңа ережемен өтеді. Жеребе бойынша 4 командадан тұратын 12 топ жасақталады. Әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар автоматты түрде плей-оффқа жолдама алады. Қалған 8 жолдама үшінші орын алған және ең көп ұпай жинаған ел құрамаларына бұйырады. Ойындар Канада, АҚШ және Мексиканың 16 қаласында өтеді. Чемпионат 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады, яғни турнир бір жарым айға созылады. Матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16