Ипотека мен автокредитке сұраныс азаяды
Ұлттық банк елдегі ең ірі 21 банктен деректер алып, биылғы нарық динамикасын жариялады. Бизнес секторында несиеге сұраныс артқан, ал жеке тұлғалар арасында ипотека алу баяулап, автонесие біршама өсім көрсетті. Мәселен ірі кәсіпорындардан түскен несие өтінімдері 19% артып, ал орта бизнестегі өтініштер саны тұрақты қалпын сақтады. Бағдарламалар ішінде «Өрлеу» және «Даму» қорының кепілдіктері сұраныста. Қазір қарыз алушылардың қаржылық жағдайына қойылатын талаптар күшейген. Сондықтан банктер тарапы базалық мөлшерлеменің өсуі де әсер етіп, нәтижесінде ипотека мен автокредитке сұраныс азаяды деп болжап отыр. Ал экономистер керісінше, жеңілдетілген ипотека көлемі ұлғайғандықтан сұраныс еш төмендемейді деген пікірде. Сондай-ақ, келер жылдан бастап көліктерді Қытайдан әкелудің ережесі өзгереді. «Сұр» диллерлердің жұмысына шектеу қойылып, ресми диллерлер ғана қытайлық көліктерді әкеле алады. Бұл көлік бағасының қымбаттауына себеп болуы мүмкін. Нәтижесінде автонесие баяулайды, - дейді сала мамандары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы