Керекуде «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі өнер фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керекуде «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі өнер фестивалі басталды

13.02.2019

«Ұлы даланың көне сарындары». «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен  Керекуде дәстүрлі өнер фестивалі басталды. Оған Арқа, Жетісу, Сыр бойынан, және еліміздің Батыс өңірі ән-күй мектептерінің көрнекті өкілдері қатысуда. 

«Нұр Отан» партиясы   ұлттық өнерді дәріптеу арқылы өскелең ұрпаққа рухани тәлім беруге күш салмақ.  Сондықтан, партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шара еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Фестиваль Петропавл қаласында жалғасып, Жетісу жерінде қорытындыланады,-деп жоспарланған..

Шолпан Дәржанова, Жетісу әншілік-жыршылық мектебінің өкілі:

-Біз қазақ әнімізбен, ұлттық музыкамызбен ұстанып тұрған халықпыз. Сондықтан, Алматы, Астана сынды үлкен қалаларда мұндай фестивальдер ұйымдастырылғанымен өңірлік жерлерде мұндай фестивальдердің өтуі керемет нәрсе. Жалғасын тапсын. Ұлттық музыкамыздың тұғыры биік болсын әрқашан

Болат АМАНБАЕВ     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу