Басты Жаңалықтар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Қазақстанның бастамаларын қолдайды

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Қазақстанның бастамаларын қолдайды

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы рөлін жоғары бағалайды және АЭС салу жобасын жүзеге асыру бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси Венада еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесуінде мәлімдеді. Кездесуде министр еліміздің ұлттық атом саласын дамыту және атом электр станциясын салу жоспарын таныстырды. Рафаэль Гросси техникалық ынтымақ бағдарламасы аясында Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық ядролық технологияларды дамыту жобаларын жоғары бағалады. Сондай-ақ ынтымақты арттыру үшін өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасын әзірлеуді ұсынды.

Рафаэль Гросси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры:

Қазақстан атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің маңызды серіктесі. Ұлттық референдумнан кейін елдеріңіз ядролық энергетиканы дамытуға қатысты маңызды шешімдер қабылдады. Біздің агенттік сол жобаларыңызға барынша қолдау, техникалық көмек көрсетіп, бағалаулар жүргізіп, қазақстандық мамандардың әлеуетін арттыруға күш салады. Мен Қазақстанның таза энергия көзі саналатын атом энергиясын пайдаланатын елдердің қатарына қосылатынына қуаныштымын.


Бөлісу