БҚО-да 37 сынып қашықтан оқытуға көшірілді
Батыс Қазақстан облысында тұмаудың өршуіне орай 16 мектепте 37 сынып қашықтан оқытуға көшірілді. Қазан айынан бері 46 мыңнан астам адам вирустық инфекцияға шалдыққан. Олардың жартысынан көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Биыл тұмаумен ауырғандар саны күрт артып отыр. Барлығы 116 адамнан А типінің H3N2 вирусы, яғни «Гонконг» штамы анықталған. Онлайн оқуға көшкендердің ішінде Орал қаласы мен Бәйтерек, Жаңақала, Теректі, Ақжайық, Сырым аудандарындағы мектеп оқушылары бар. Эпидемиолог мамандар тұрғындарға аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға үндейді.
Нұрлыбек
Мұстаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының
орынбасары:
490-нан астам бала онлайн форматта оқып жатыр. Дегенмен, Бас мемлекеттік санитардың қаулысына сәйкес, бір апта беріледі. Егер осы уақыт аралығында балалар өздерінің анықтамаларымен емделіп келгеннен кейін дәстүрлі оқу форматына. Түшкіру, жөтелу, дене қызуының көтерілуі болған кезде өз-өзін емдемеу керек. Жергілікті медициналық ұйымдарға жүгінген жөн.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17