Қарағанды облысында инкассатор көлігі жанып кетті
Қарағанды облысында «Қазпоштаның» Қарқаралы бөлімшесіне қарасты инкассатор көлігі жол апатына түсіп, өрттеніп кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның әріптесі ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ инкассатордағы 3 миллион теңгеден астам ақша жанып кеткен. Полицияның мәліметінше, өзге жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып, инкассатор көлігімен соқтығысқан. Ал жүргізушісі мас күйде болған және бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған.
Бақытжан Құдияров, ПД ресми өкілі:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның 36 жастағы жолаушысы және Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06