Басты Жаңалықтар Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді

Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді

Абай облысындағы бұрынғы аудан орталықтары болған елді мекендер мен шалғай ауылдар оңалып келеді. Осыған дейін бұрынғы Семей сынақ полигоны іргесіндегі орналасқан Абыралы өңірінде қордаланған мәселе көп еді. Соңғы бір жылда облыс басшылығы халықтың сұранысы бойынша әлеуметтік түйткілдерді реттеді. Ауылда балабақша, спорт кешендері ашылып, халық таза ауыз сумен қамтылуда.
Алғабас облыс орталығынан 360 шақырым қашықтағы ауыл. Халық жылдар бойы ауызсу тапшылығын көріп келді. Мәселе биыл шешімін тапты. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан су жүйесі тартылды. Жұмыстың сапалы әрі уақытында іске асуын, облыс әкімшілігі тікелей назарда ұстаған. Нәтижесіне халық разы.
Берікбол Сәкенов, Алғабас ауылының тұрғыны:

Бүгін біздің ауылымызда үлкен той. Су қосылып, халық қуанып жатыр. Әркімнің үйінде су бар, жақсы жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Жоғарыдағы басшыларымызға рахмет. Ауылымыздың халқы өте қуанышты.
Алғабастықтадың қуанатын жөні бар. Өйткені бұрын-соңды болмаған заманауи спорт кешенінің де лентасы қиылды. 900-ге жуық тұрғыны бар елді мекенде енді бұқаралық спортты дамып, жастарға арналған үйірмелер ашылады. Алыс ауылдан орталықтағы көпшілік шараларға қиналмай жету үшін, су жаңа шағын автобус та берілді.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халықтың саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Спорт – ұлт денсаулығының негізі», – деп кәсіби спортқа жол ашып, ұлт саулығын жақсартуға серпін беретін бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Заманауи талаптарға сай салынған бүгінгі жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, балалар мен жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және олардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Ал Қайнар ауылы кезінде Абыралы ауданының орталығы болған. Тіршілігі қайнап, ауыл іші жайнап тұрушы еді. Кейіннен аудан мәртебесінен айырылған соң, көп игіліктен қағылды. Сондықтан облыс әкімшілігі мұндағы жұртпен бір жылда бірнеше рет кездесті. Түйткілдерін тыңдап, кезек күттірмейтіндерін, кезең-кезеңімен шешіп жатыр. Жақында ғана ауылдағы бірнеше әлеуметтік нысанды қатар жылытатын ескі қазандықтар жаңартылды. Жабылып қалғанған балабақша жаңғыртылып, қайта ашылды. Оған қоса жаңа өрт сөндіру бекеті де қолданысқа берілді.

Бөлісу