Зейнетақы қаржысы көз емдетуге берілмейді
Қыркүйекте стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинағын жұмсауға тыйым салынғаннан кейін қаражатты көз емдетуге пайдаланғысы келетіндер саны 7 есе артқан. Бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрлігі күмәнмен қарап, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған. Мәселен, бірнеше клиент бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасағанымен, құжаттарда клиниканың мекенжайы әртүрлі қалаларда деп көрсетілген. Ал тексеру барысында бұл мекенжайларда ондай клиника мүлдем жоқ екені анықталды. Сондықтан енді зейнетақы ақшасына көз емдетуге де тыйым салынды. Бұл шектеу бүгіннен бастап күшіне енеді. Оған дейін берілген өтініштер бұрынғы тәртіппен қаралады. Сондай-ақ азаматтар бұрынғыша зейнетақы жинағы шекті соммадан асса, ипотекаға аудара алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы