Алғашқы әскери дайындықтың жаңа стандарты енгізілді
Еліміздегі мектептерде алғашқы әскери дайындықтың жаңа қағидалары енгізілді. Қорғаныс министрлігі бекіткен құжатқа сәйкес, ережелер мектептер, колледждер және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың бірыңғай тәсілдерін белгілейді. Бағдарлама әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері жөніндегі практикалық білімді арттыруға, оқу-далалық сабақтарды көбейтуге бағытталған. Бұл ережелер болашақ сарбаздарға қажет базалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Маңызды өзгерістердің бірі - пәнге оның тарихи атауы, «Алғашқы әскери дайындық» қайта берілді. Сондай-ақ педагогтерге қойылатын талаптар да жаңартылған.
Айгүл Төлембаева, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі:
Заңға енгізілген маңызды жаңалықтың бірі – пәнді оқытатын мұғалімдерге қатысты. Енді бастапқы әскери дайындық пәнін тек әскери қызмет өтілі бар азаматтар оқытады, сонымен қатар педагогикалық білімі болуы тиіс. Қазіргі кезде пәнді оқытып жүрген мұғалімдер жұмысын жалғастыра береді, ал жаңа талаптар заң қабылданғаннан кейін жүзеге асады.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтаған шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілеріне алғысын білдірді
26.10.2026, 20:00
Қазақстанның экономикалық жетістігі – Орта Азиядағы көшбасшылығының айғағы
26.10.2026, 19:53
Соңғы 7 жылдағы елеулі өзгерістер
26.10.2026, 19:51
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00