БҚО-да 25 мың гектар жайылым тапшы
Батыс Қазақстан облысында 25 мың гектар жайылым тапшылығы бар. Биыл пайдаланылмай жатқан 122 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Соңғы үш жылда қайтарып алынған мыңдаған гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер келер жылы кері айналымға өтуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерлік мақсаттағы көлемі 230 гектарға жуық 385 жер учаскесі бойынша 142 аукцион өткізілген. Ал ауыл шаруашылығы санатындағы жер телімі конкурс арқылы беріледі. Жыл басынан бері ауданы 100 мың гектардан асатын 257 жер учаскесі бойынша 39 конкурс өткен. Жер алып, кәсіп бастаймын деген азаматтарға жеңілдік қаралып, басымдық берілмек.
Нұржан Мақсотов, облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:
Биыл біздің конкурс өткізу жөніндегі ережемізге өзгерістер енгізілді. Қанша техникасы бар, жұмыс күші және ауыл шаруашылығы кооперативі ретінде қатысатын болса, қосымша тағы 5 балл беру жөнінде де ережеге өзгеріс енгізілді. Бұрынғыдай емес, жаңадан іс бастаған азаматтарға балдық ережемен конкурсты ұтып алуға мүмкіндік туғызып отыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05