Басты Жаңалықтар «Елге көмек» қорының соты: Айыпталушы кінәсін мойындамады

«Елге көмек» қорының соты: Айыпталушы кінәсін мойындамады

Алматыда «Елге көмек» қорының басшысы Ілияс Сариев пен «MM Travel» туристік компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысында жарыссөз өтіп жатыр. Бұл істе қос күдіктіге қайырымдылық мақсатымен ақша жинап, оны мақсатсыз пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бүгін сотта айыпталушы Сариев пен Дүйсеева мен олардың қорғаушылары тыңдалды. Тергеуде 26 қылмыстық эпизод анықталды. Осы ретте айыпталушы Ілияс Сариев 20 эпизод бойынша ешқандай да қаржылай залал келтірмегенін айтты. Сонымен қатар кінәсін толық мойындамай, сот төрағасынан кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеруін, жеңіл жаза тағайындауын сұрады. Еске сала кетейін, Ілияс Сариев сәуір айында, ал одан екі ай өткен соң Ақтоты Дүйсеева алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Сот үкімі бүгін сағат 18:00-де шығатынын айта кетейік.

Эльнура Кішкенебаева, І.Сариевтің қорғаушысы:

Бұл жерде 26 эпизод тағылып отыр, оның 20-на Сариевтің мүлдем қатысы жоқ екенін нақты және сенімді түрде айта аламыз. Осы жерде туындап жатқан даулар ҚР Азаматтық кодексі аясында қаралуы тиіс деп санаймын. Қылмыстық жазаға тарту, құқықтың шектен тыс қолданылуы болып саналады.


Бөлісу