Қайтарылған активтер есебінен Түркістан облысында «Өнер мектебі» салынды
Түркістан облысының Ордабасы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған Өнер мектебі пайдалануға берілді. Темірлан ауылында ашылған жаңа нысан ауданның рухани дамуына, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін бермек. Оның құрылысына 870 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалып, сегіз айда салынды. 300 орындық мектепте балалардың музыкалық білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Музыка ғимаратында мәдени іс-шараларды өткізуге арналған 150 орындық зал бар. Сонымен қатар кітапхана, топтық жаттығу, ұлттық аспаптар, гитара, фортепиано сабақтарына арналған бөлмелер де бар.
Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Еліміздің түрлі өңірлерінде мемлекетке қайтарылған қаражатқа жалпы 434 әлеуметтік нысан салынды. Оның 30-ы осы Түркістан облысында. Бұл шаралар осы және көршілес ауылдардың жағдайын жақсартуға және балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беретін үлкен қадам.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05