Ақтөбеде іздеу жасағы 3 000 белгісіз сарбаздың сүйегін тапқан
Ақтөбедегі «Әлия» іздеу жасағы 35 жылға жуық уақыт ішінде екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен 3 мың сарбаздың сүйегін тапқан. Бүгін топ мүшелері мен әскери-патриоттық клуб өкілдері белгісіз сарбаз күніне орай батырлар ескерткішіне келіп, тағзым етті. Іздеу жасағы негізінен бұрынғы әскери қызметкерлер мен еріктілерден құралған. Олар жыл сайын Ресейге экспедициялар ұйымдастырып, қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздейді. Нәтижесінде, осы уақытқа дейін 120 сарбаздың аты-жөндерін анықтап, ұрпақтарына хабарлаған. Бүгінгі шараға әскери борышын өтеп жатқан сарбаздар да қатысты.
Ринат Қалдығарин, сарбаз:
Біз үшін ол өте маңызды. Соғыс кезіндегі белгісіз солдтты еске алу күні. Үйге қайтпаған әскерлеріміз еліміз, жеріміз үшін барын салды. Үлкен әскерлерімізді еске алу бізге өте маңызды, еліміз үшін, қазақстан жеріміз үшін.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04