Еуропалық Одақ маңызды шикізат орталығын құрмақ
Еуропалық Одақ Қытайдың сирек кездесетін металдарына тәуелділіктен арылмақ. Сол үшін Еуропалық комиссия 3 млрд еуро бөліп, аса маңызды шикізат материалдарын өндіріп, өңдеуге бағытталған стратегиялық жобаларды қаржыландырмақ. Және келесі жылы Еуропалық маңызды шикізат орталығын құруды жоспарлап отыр. Осы ретте ЕуроОдақ Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен ынтымақты күшейтуге мүдделі. Себебі жасыл энергияны дамыту үшін Еуропа елдері сирек кездесетін 34 металға зәру. Оның 21-ін біздің ел өндіріп, өңдеп отыр.
Кая Каллас,
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы
өкілі:
Қазақстан көптеген аса маңызды шикізат материалдарының Отаны. Сіздерде батарея жасауға қажетті литий, болат, сымдар мен турбиналарға керек никель, басқа да сирек кездесетін металдар көп. Сәуірде өткен «ЕуроОдақ-Орталық Азия» саммитінде біз «Global Gateway» стратегиясы аясында аймаққа 12 млрд еуро инвестиция бөлуді жарияладық. Маңызды шикізатқа қатысты жобаларды қаржыландыру үшін 5 млрд еуро Қазақстанға бағытталады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15