Президент өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін тиімді пайдалану керек. Өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы осылай деді. Әуе тасымалына деген сұраныс жыл санап артып келеді. Көлік-логистика саласына инвестиция тартуға қатысты талас қыза түсті. Сондықтан негізгі әуежайларда толыққанды авиахаб қалыптастыру өте өзекті мәселе, деді Президент. Ол үшін әр әуежайдың бәсекеге қабілетті тұстарын айқындап, жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Президент әуежай қызметіндегі тариф, авиаотын мәселесі, ұшақ тапшылығы, цифрландыру, кадр даярлау сияқты мәселелерді де жылдам шешуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Білікті кадрлар болмаса, реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл салада кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Жыл сайын жүздеген маман керек болып жатыр. Осы мәселені шұғыл шешу қажет. Үкіметке кадр даярлау жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Халықаралық білім-ғылым мекемелерімен байланыс орнату қажет. Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыратын құзырет орталықтарын құру керек.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17