Қарағанды облысының прокурорлары «Құқықтық тәртіп әліппесі» акциясын өткізді
Елімізде халықтың 65 пайызы прокурорларға сенім артады. Халықтың үдесінен шығу үшін мамандар Қарағанды облысында «Құқықтық тәртіп әліппесі» акциясын өткізді. Қоғам белсенділері мен жастар бірлестіктерінің өкілдері прокуратураның қызметімен танысты. Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді қарау, сот отырыстарына қатысу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сынды функциялар туралы мағлұмат алды. Бұл прокуратура қызметінің ашықтығын арттырып, қоғаммен байланысты күшейтеді, дейді мамандар.
Әділбек Балабеков, облыс Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:
Бұл акцияның мақсаты – қоғамды оның ішінде депутат, журналист, блогерлерді прокуратура жұмысымен таныстыру. Құқықтық тәртіп әліппесі жобасы прокуратура мен қоғамның күш жігерін біріктіріп, заңның орындалуына, құқықтық мәдениеттің нығаюына ықпал етеді деп санаймыз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25