Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны өтіп жатыр
Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны өтіп жатыр. Оған 10 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Науқан аясында республика көлемінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Құқық қорғау органдары барлық ауыл-аймақты аралап, тұрмыста озбырлық көрген жағдайда қорғану үшін не істеу керегін айтады. Дағдарыс орталықтарына жүгінудің маңызын жеткізіп, онда қандай көмек көрсетілетінін жеткізеді. Айта кетсек, науқан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ақмарал Серікбаева, ІІМ басқарма бастығы:
Осы 16 күнде белсенді түрде барлық ауылда, түкпір-түкпірінде еліміздің мобильдік топтар үйлерді аралау арқылы, көшпелі іс-шарлар немесе адамдар көп жиналатын жерлерде іс-шара өткізу арқылы халықты ақпараттандырамыз, құқықтық көмек көрсетеміз. 25 қарашадан бастап бұл шаралар түкпір-түкпірде өтіп жатыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00