Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы халқы таза суға зар болып отыр
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы орталығында ауыз су сапасы күрт нашарлап кеткен. Тұрғындар бірнеше айдан бері суды сатып алады. Орталықтандырылған су құбырына 300 ден аса абонент қосылған. Бірақ олар суды ішпек түгіл, ыдыс жууға пайдаланбаймыз дейді.
Гүлмира Христодорова, Ақтоғай тұрғыны:
Суда бір өткір иіс бар. Екі апта бұрын санэпидемстанция келіп, сынама алып кеткен. Нәтижесі әлі жоқ. Мына су ішуге мүлдем жарамсыз. Солярканың иісі шығады. Санэпидемстанция қызметкерлері де бөтен бір иіс барын бірден айтты.
Орталықтандырылған су құбыры 2013 жылы салынған. Ауыз су
600 метр тереңдіктен шығады екен. Жергілікті әкімшілік мәселені шешу үшін
бюджеттен 32 млн теңге бөліпті. Қаржы жыл соңына дейін игеріледі деді.
Дархан Досжанов, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары:
Өте тұзды, хлоридтер үлкендеу, екі есе үлкен болып тұр. 21-ші жылы, 4 жыл бұрын мембрана, фильтр ғана ауыстырылған. Толығымен жөндеу жұмыстары атқарылмаған. Енді мына контейнеріміз бар. Контейнердің ішіндегі құрылысты түгел алып тастаймыз да, жаңадан толығымен саламыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16