Тілшінің араласуымен Рудныйдағы құрылысшылар айлығын алды
Қостанай облысының Рудный қаласында мектептің құрылысына атсалысқан жұмысшылардың бір жылдан бері ала алмай жүрген ақшалары қолдарына тиді. Біз бұл мәслені Ұлттық арна эфирінен көтерген болатынбыз. Материал эфирден шыққан соң жеке кәсіпкердің жұмысшылар алдындағы қарызын негізгі мердігерлік ұйым толық өтеп берді.
Сабыржан Ботабайұлы, мердігерлік ұйымның құрылыс басқармасының басшысы:
8 жұмыскер талап-арызымен келді. Сол кісілерге 1,5 миллионнан астам теңгені төлеп бердік. Бізде – негізгі мердігерлік ұйымда, қарызымыз жоқ. Ол компанияға біз 100 пайыз ақшасын төлеп бергенбіз. Сол компанияның атына арыз-шағым түсіреміз. Талабымыз құрылыс лицензиясынан айыру.
Сабыржан Орынбеков, Рудный қаласының тұрғыны:
Мен енді осы бір жылдың ішінде көп жерлерге шағымдандым. Олардан нәтиже болмады. Бәрінің айтатыны бір сөз – дәлелдейтін құжат жоқ деп. Қазақстан ұлттық арнасына рақметімді айтамын. Мәселемізді көтеріп, ала алмай жүрген жалақымызды алып, мәре-сәре боп жатырмыз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00