ЖИ аясында заң бұзғандар жауап береді
Дипфейктер мен таңбалаудың жоқтығы үшін жауапкершілікке тартыласыз. Елімізде бекітілген жасанды жадты қолдануға қатысты заңдар пакеті аясында, нейрондық желілер жасаған контентті міндетті түрде арнайы белгілеу қажет. Бұл талаптар жүйе иелеріне ғана емес, қарапайым пайдаланушыларға да қатысты. Дәлірек айтсаққ ЖИ жүйесі шығарған синтетикалық контент туралы ақпарат бермегендер жалған, тыйым салынған немесе дискриминациялық материалдар жасаған немесе таратқандар, ЖИ-ді қолдану арқылы біреуге зиянын тигізгендер айыппұл төлейді. Оның көлемі жеке тұлғалар үшін 64875 теңге, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 86500 теңге. Орта және ірі бизнес өкілдері 100 айылық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл арқалайды. Заң бұзушылық қайталанса, айыппұл сомасы өсе береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы