Басты Жаңалықтар Қызылордалық студенттер алаяқтардың айласын әшкерелейтін бағдарлама жойлап тапты

Қызылордалық студенттер алаяқтардың айласын әшкерелейтін бағдарлама жойлап тапты

Қызылордалық студенттер ғаламтордағы алаяқтардың айласын әшкерелейтін бағдарлама жасап шығарды. Қауіпті сайттар мен сілтемелерді анықтайтын қосымшаға бүгінде полиция департаменті қызығушылық танытып отыр. Талапты жастардың ІТ жобасын тілшіміз Әділбек Серікұлы тарқатып айтып берсін. 

Нұрбол мен Нұрбек Қорқыт ата университетінің 2-курс студенттері. ІТ институтында білім алып жатқан ізденімпаз жастар интернет алаяқтардың іс-әрекетін көптен бері зерттеп келген. Жақындары да содан опық жеп, осы бағытта алғашқы жобаларын жасауға себеп болыпты.

Нұрбек Әбілдаев, жоба авторы:

Қаншама фишингке алданып қалатын үлкен кісілер бар. Ондайды білмейтін қаншама жастар бар. Сол мәселелерді қозғай отырып, біз оның оқиға болғаннан кейін емес оның алдын алу үшін система ойлап таптық.

Кибер қауіпсіздік ілімін меңгерген студенттер жаңа бағдарламасына жасанды интеллект жүйесін де енгізген. Сондықтан бұл ғаламтор желісіндегі алаяқтардың кез-келген құйтырқы әрекетін әшкерелейді.  

Нұрбол Оңалбеков, жоба авторы:

Жалпы бұны қолданушы кез-келген сайтқа өткен кезде сол сайттың структурасын анықтайды. Бұл қосымша. Ол сайтты алаяқтар жасаған ба нәмесе шынайы сайтпа соны нақтылап, зерттеп сосын қолданушыға тексерілген сайтты береді.

Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселенің шешімін іздеген жастардың ІТ жобасы облыста өткен «Inno fest» республикалық байқауында үздік атанды. Сондай-ақ, бұл жаңашылдыққа облыстық полиция департаменті қызығушылық танытып, бағдарламаны іс жүзінде қолданып көрмек.  

Сәбит Ибадулла, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:

Осы жігіттердің жасаған жобасымен Кибер полиция басқармасы бірге жұмыс істейтін болады. Пилотты түрде бізге енгізіп берсе, біз осы құралмен көптеген жалған сайттарды, сілтемелерді анықтауға мүмкіндік беретін жақсы құрал болады деп ойлаймын.

Нұрбол мен Нұрбек ойлап тапқан қосымшасын бұған дейін бірнеше мәрте сынақтан өткізіп, оң нәтиже берген. Сондықтан талантты жастар бұл бағдарлама ел игілігіне қызмет ететініне сенімді. Енді алдағы уақытта осы бағытта смартфонға арналған қосымша шығармақ.


Бөлісу