Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа спорт кешені ашылды
Оралда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жаңа спорт кешені ашылды. Жеке инвестордың қаржысына салынған ғимараттың жалпы ауданы – 2 мың шаршы метр. Заманауи кешен паралимпиялық және сурдлимпиялық спорт түрлерімен айналысуға бейімделген. Мұнда волейбол, баскетбол, пауэрлифтинг, бочча, садақ ату, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, үстел теннисінен жаттығу залдары бар. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмыс істейді. Мұнда 20 спорт түрінен 250-ге жуық спортшы жаттығады. Олар түрлі бәйгеде топ жарып, жетістікке жетіп жүр.
Азон Шаймарданов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
Бізге осындай керемет спорт кешенін салып берді. Алғысымыз шексіз. Бұған дейін 5-6 орынды жалға алып, жаттығып жүрдік. Енді өз спорт залымыз бар. Болашақта қазіргіден да зор жетістіктерге жетеміз деп сенемін.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17