Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы аяқталды
Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының аудандық, қалалық кезеңдері аяқталды. Жарысқа облыстағы 425 мектептен 4 мыңнан астам оқушысы қатысқан. Олар Бөгенбай батыр жырын жатқа айтуы тиіс. Үміткерлер арасында 60 астам өзге этнос өкілдері де бар. Байқау нәтижесі бойынша 1-орын алған оқушы ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университеті ұсынған грантқа қол жеткізе алады. Сондай-ақ 1 миллион теңге мөлшерінде жүлде қоры табысталады. Ал жетекшісіне Қазақ тілі халықаралық қоғамы атынан жеңіл автокөлік сыйға беріледі. Енді алдағы уақытта оқ бойы озық шыққан 39 үміткер бас жүлдені сарапқа салмақ.
Алма Шалабаева, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
Бірінші орын алған балаға ҚазТұтыну біздің университетіміз грант тағайындап отыр. Бала 4 жыл бойы сол жерде тегін білім алып шығады және жүлде қоры 1 млн теңге ұсынады. Сонымен қатар «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамы атынан баланы дайындағын ұстазға жеңіл автокөлік сыйлайды. Оның бәрі демеушілік қордан.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25