Ақтөбеде екі адам суға кетіп, қайтыс болды
Ақтөбеде екі адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның бірі – 16 жастағы оқушы. Кеше полицияға 2009 және 1998 жылы туған екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Артынша Елек өзенінің жағалауынан олардың ұялы телефондары табылды. Іздестіруге құтқарушылар мен әскерилер және еріктілер тартылды. Сүңгуірлер олардың денесін судан алып шықты. Марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аслан Арзымбетов,
облыстық ТЖД басқарма басшысы:
Кеше іздестіру шаралары кезінде департаменттің сүңгуірлер бөлімшесімен жоғалған жасөспірімнің денесі Елек өзенінен судың ішінен табылды. Материалдар процесуалдық шешімдер шығару үшін Полиция департаментіне жолданды. Бүгін 1998 жылғы азаматтың денесі – екінші жоғалған адам дронның көмегімен табылып, құтқарушылардың көмегімен судан шығарылды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16