Қызылордада «Абай» операсының премьерасы қойылды
Қызылордада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Классикалық кешті облыстық симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен филармония ұжымы қойды.
Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы қазақ өнеріндегі қайталанбас туындылардың бірі. Заманының ғұламасы болған дара тұлға арқылы сол кезеңдегі жаман мен жақсының аражігі мен көшпелі халықтың философиясын паш ететін тағылым бар. Жергілікті өнерпаздар күрделі операны асқан шеберлікпен орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Мүслім Әмзе, симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі:
Бұл опера бұған дейін 5 жыл бұрын Н.Бекежанов атындағы театрда Абайдың 175 жылдығы аясында қойылған. Бірақ бүгінгі нұсқамен екеуінің арасында айырмашылық бар. Ол кезде қысқарған жерлері болатын. Қазір барлық партетурадағы қысқарған жерлерді ашып толық нұсқасын қойып отырмыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06