C5+1-ден С6-ға дейін: АҚШ-тың Орталық Азиядағы жаңа стратегиясы талқыланды
«АҚШ пен Орталық Азия арасындағы серіктестік енді тек сөз жүзінде емес, нақты қадамдар арқылы дамуы тиіс» дейді АҚШ сарапшылары. Вашингтонда Халықаралық салық және инвестиция ұйымы арнайы жиын өткізді. Дүниежүзілік банк өкілдері, Каспий өңірін зерттеу орталығының мамандары, дипломаттар және аймақты зерттеп жүрген сарапшылар Ақ үйде өткен саммит нақты ықпалдастыққа жаңа серпін бермек деген сенімде. Ташкенттегі мемлекет басшыларының жалғасқан кездесуі, форматты C5-тен С6-ға деген кеңейтіп, Әзербайжанның қосылуын тиімді шешім ретінде танылды. Кездесуде тараптар АҚШ Қытай мен Ресей сияқты алып державалардан қалып қоймау үшін қандай стратегиялық қадамдар жасауы керектігін талқылады. Спикерлер аймақтағы сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктерге тоқталып, Орталық Азия бойынша ауқымды жұмыстың басталып кеткенін атап өтті.
Эрик Руденшиольд, Каспий аймағын зерттеуші:
Экономикалық мүмкіндіктерді теміржол пойыздарын жеткізетін Wabtec, әуе кемелерін шығаратын Boeing, энергетикалық салада ынтымақтасты арттыратын Chevron секілді америкалық компаниялар көріп, бірден ірі қадамдарға қол созып жатыр. Сонымен қатар Вашингтон логистика, сирек минералдар, энергетикадағы балама жолдарды жетілдіруге де көңіл бөліп, Орталық Азия елдерімен мүдделес болып отыр. Орталық Азиямен жемісті серіктестік АҚШ-қа өте қажет. Ал америкалық компанияларды осы жолда ынталандыру үшін инвестиция салудың оңтайлы жолдарын, жоспарларды іске асыру қадамдарын тезірек пысықтау керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы