Ауа сапасының нашарлауына байланысты кей өңірлерде оқушылар онлайн оқуы мүмкін
Енді ауа сапасы нашарласа, оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін. Соңғы шешімді жергілікті әкімдік қабылдайды. Премьер-министр Олжас Бектенов, сенатор Ольга Булавкинаның депутаттық сауалына осындай жауап қайтарды. Оның сөзінше, зиянды заттардың шекті мөлшері үш еседен асып, қолайсыз метеожағдайлар екінші немесе үшінші дәрежеге жеткен жағдайда өңір әкімдіктері оқушыларды қашықтан оқытуға шешім қабылдай алады. Айта кетейік, «Қазгидромет» 11 қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлаған еді. Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеожағдай болжанған.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15