Түркістандағы өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз қайтыс болды
Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз қайтыс болды. Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жеткіншектің беті бері қарамай, бақилық болған. Аталған аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, науқастың орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданған. Денесінің 11 пайызын күйік шалған. Бейінді мамандардың емдеу шаралары мен реанимациялық және дезинтоксикациялық кешеніне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол кеше аурухана төсегінде жантәсілім етті. Марқұмның денесі жедел жәрдем көлігімен өз ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды. Айта кетейік, бұл өрттен қайтыс болған оныншы бала. Ал оның тірі қалған ата-анасы ем қабылдауда.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29