Қостанай облысында ауызсу тартылды
Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты 3 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұған дейін Новошумный, Лесной және Березов ауылдарының тұрғындары құдықтан су тасып, тұтынатын еді. Жобаға республикалық бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінген. Бүгінде аудан тұрғындарының 80 пайызының үйлеріне тіршілік нәрі кіріп тұр. Жалпы, облыста биыл 50 жоба жүзеге асырылып, ауылдарды сапалы ауызсумен қамту мәселесін толық шешу жоспарланып отыр.
Сергей Лисачев, Новошумный ауылының әкімі:
Екі су желісі тартылған. Бірі істен шықса, екіншісі автоматты түрде іске қосылады. Спутникті интернетпен басқарылады. Қосымша екі дизельді генератор орнатылды. Қысқасы, ауылға ауызсу тұрақты беріліп тұруы үшін барлық жағдай жасалған.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00