Басты Жаңалықтар Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне 6 күн қалды

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне 6 күн қалды

Жекпе-жек аптасы. Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне 6 күн қалды. Бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша осы салмақтағы әлем үздігі Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады. Бұған дейін отандасымыз кубалық қарсыласын нокаутқа жіберемін деп мәлімедеме жасаған еді. Ал, жуырда әлеуметтік желідегі парақшасында Отанға үш белбеумен ораламын деп жазды. Бұл кездесуде Жәнібек айқын басымдықпен жеңетініне сенімді. Дегенмен қарсылас та өте тәжірибелі әрі тегеуірінді боксшы. Енді қос былғары қолғап шеберінің рекордтарын салыстырып көрсек. Жәнібек мансабында 17 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен. 12 қарсыласын нокаутқа жіберген. Лара болса 37 рет жұдырықтасып, 31-де жеңген, үшеуінде тең түсіп, үшеуінде жеңілген. Бокс жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырған бокс кеші 7 желтоқсан, Астана уақытымен таңғы сағат 6:00-да басталады. Тарихи жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Жәнібекке бірге жанкүйер болайық!


Бөлісу