Атырау облысында қысқы мал азығы дайын болды
Атырау облысы бойынша қысқы мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Бүгінде 608 мың тонна шөп қыстақтарға тасымалданған. Соңғы екі жылдықта Қызылқоға, Индер ауданында шөптен таршылық жоқ. Шаруаларға әкімдік тарапынан да біраз қолдау бар. Толығырақ өңірдегі әріптесім тарқатады.
Индер ауданында қыстың алдында мал дәрігерлері ауыл-ауылды аралап, мал егу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл науқан жылына екі рет жүргізіледі. Аусыл, қарасан, сібір жарасы секілді ауруларға қарсы төрт-түліктен қан алынып, арнайы зертханаға жіберіледі.
Асқар Хасанов, мал дәрігері:
Кейбір малдың сырғалары түсіп қалады. Соны түгендейміз. Сосын баспақтар жағы егілмей қалады ғой көбіне, соларды егеміз. Малдың ахуалы жақсы. Ауру ондай көп жоқ. Тіркелген жоқ.
Кетебайлық шаруалар қысқы мал азығын түгел даярлап қойған. Ақтөбе шаруа қожалығының иесі Қуаныш Естаев 15 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Ірі қара малын көбейтіп отыр. Қожалығына қажетті техникалардың басым көпшілігін үкіметтік қолдаудың арқасында алған.
Қуаныш Естаев, Кетебей ауылының тұрғыны:
Манап Құлбасов, ш/қ иесі:
300 мың қыламыз, трактористердің зарплаттарын. 350 қыламыз кейде. Жоқ сонда адамдар. Бос жүрген адамдар көп, бірақ жұмыссыз жұмыс іздеп. Бірақ жұмысқа келмейді, неге екенін білмеймін. Условиені көріп тұрсыздар ғой енді.
Маман тапшылығын шешу мақсатында атқамінерлер облыс орталығындағы агро-техникалық колледжге арнайы 80 квота мен ветеринария мамандығына 45 грант бөліпті. Осылайша мәселені бірте-бірте шешеміз дейді. Ал аудандарда мал азығы 100 пайызға орындалған. Жетпеген жағдайда өзге өңірлерден сатып алмақ.
Жасұлан Сұлтанғалиев, облыстық АШБ мал шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Қажетті құрама жемнің көлемі 44,5 мың тонна. Осы уақытқа сатып алғанымыз 34 мың тонна, яғни, 77 пайызы сатып алынды. Шабындық жерден дайындалған мал азығының орташа бағасы 5-7 мың теңге аралығында, ал сатып алған жағдайда 8-11 мың теңге аралығында.
Шөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында әкімдік 46 шаруа қожалығымен меморандумға отырған. Осылайша жергілікті тұрғындарға мал азығын қолжетімді бағамен ұсынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы